ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамалар мен құрылыс нормаларын қатаң сақтау керектігін тұрғындардың есіне салады.

Құрылысқа қатысты талаптар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен және «Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту» қағидаларымен реттеледі.

Құрылыс процесі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Жер учаскесіне құқық беретін құжат алу;

2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын рәсімдеу;

3. Эскиз жобаны дайындап, келісуден өткізу;

4. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

5. Жобаны сараптамадан өткізу;

6. Құрылыс басталғаны туралы тиісті мемлекеттік органға хабарлама жіберу;

7. Нысанды пайдалануға қабылдау.

 

Құрылыс барысында заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, айыппұл салынуы немесе заңсыз салынған нысанның бұзылуы мүмкін екенін ескертеміз.