Созақ ауданында жаңа спорт және ойын алаңшалары ашылды

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауылында 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы және «Street workout» жаттығу алаңы пайдалануға берілді.

Жаңа нысандар өткен жылы «Үлгілі ауыл» байқауында Жартытөбенің жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынды. Жоба ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды көздейді.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, аудандағы спорт саласындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Жаңа алаңдар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды.