Жексенбі, 8 Маусым

Созақта мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Іс-шара барысында Созақ ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге бақылау жасалды. Мониторинг жұмысына аудан әкімінің аппаратына қарасты бөлімнің бас инспекторы С.Қарабаев, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшесі, “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Смахова қатысты.

Қоғамдық бақылау мынадай негізгі бағыттарды қамтыды:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысу;
  • Қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы;
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының тиімділігі;
  • Қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайлар.

Мониторинг қорытындысы бойынша қызмет сапасын жақсартуға арналған бірқатар нақты ұсыныстар берілді. Сарапшылар мемлекеттік қызметтердің тиісті деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, бірқатар салаларда оң өзгерістерге қажеттілік бар екенін жеткізді.