Таза Қазақстан: Сарыағашта сенбілік жұмыстары белсенді өтті

 

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш ауданында сенбілік және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл шараларға аудан тұрғындары белсенді қатысуда.

Бүгінгі жалпы аудандық сенбілік Сарыағаш ауданының шекарасынан басталып, республикалық маңызы бар А-2 және А-15 тас жолдарының бойы, облыстық және ішкі көшелер қоқыстан тазартылып, жол жиегіндегі шөптер орылды. Аркалар ретке келтіріліп, әктеу-сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар арық-атыздар мен саябақтар да тазаланып, тәртіпке келтірілді.

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен тазалықты тұрақты түрде жалғастыру мақсатында жыл соңына дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында ағаш көшеттерін отырғызу, білім беру және мәдениет мекемелерінің айналасын, шағын және орта бизнес нысандарын, сауда орындары мен базар аумақтарын тазарту, сондай-ақ алаңдар мен көшелерді абаттандыру қарастырылған. Қоғамдық тәртіпті бұзып, қоқыс тастаған кәсіпкерлер мен тұрғындар заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады.

Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық парыз. Барша Сарыағаш тұрғындарын республикалық тазалық шарасына белсенді атсалысуға шақырамыз.