Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістандағы тарихи орындарды аралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістандағы Visit Centre орталығына барды.
Сапар барысында мәртебелі меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығын абаттандыру және тарихи келбетін сақтау жобасы таныстырылды. Қалашық аумағында 27 гектар жерді қамтыған археологиялық қазба жұмыстары аяқталып, нысанды музейге айналдыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар делегацияға жақын арада ашылатын «Қолөнершілер қалашығы» жобасының тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл кешенде ұлттық тағамдар ұсынылатын орындар, шеберханалар, шығыс базары мен шағын қонақүйлер орналаспақ.
Айта кетейік, 2025 жылдың 25 наурызында Түркістан қаласына World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілген болатын.
Сапар аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде орналасқан бірегей тарихи жәдігерлер де таныстырылды.