Төлеби ауданында І тоқсан қорытындысы талқыланды

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала мен ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде аудан-қалалар қызметін бағалау жүйесі бойынша І тоқсан қорытындысы қаралды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашраповтың айтуынша, Төлеби ауданы 9 бағыт бойынша 47,10 ұпай жинап, облыс көлемінде 6-орынға тұрақтаған.
Сонымен қатар, хаттар, электронды өтініштер мен жеке қабылдауда көтерілген мәселелер туралы баяндалып, құқық қорғау органдарынан түскен ұсынымдар талқыланды.
Жиынды қорытындылаған Еркеғали Әлімқұлов сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды..