ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АЯСЫНДА АДАЛ ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АЯСЫНДА АДАЛ ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Төлеби ауданында 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Құрметті әріптестер! Мемлекеттік қызмет – ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Заң мен этиканы қатаң сақтап, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету – басты міндет. Осы бағыттан айнымай, азаматтық борыштарыңызды абыроймен атқара беріңіздер, – деді құттықтау сөзінде аудан басшысы Еркеғали Амантайұлы.

Жиын барысында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұл марапат — халық сенімін ақтаған, тынымсыз еңбегімен көзге түскен жандарға көрсетілген құрметтің айғағы.