Түркістан қаласында 60-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Түркістан қаласында 60-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр,деп жазады Пресса24.

Түркістан қаласында жалпы 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 42-сі несиелік бағдарлама аясында, ал 15-і әлеуметтік бағытта салынып жатыр. Құрылыстың 85%-ы аяқталған. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс нысандарын аралап, сапа мен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл тұрғындардың тұрмысы мен өмір сапасына тікелей ықпал етеді.

Қазіргі таңда «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталған. Бұл кешен жаңа талаптарға сай заманауи шағын аудан ретінде дамиды. Мұнда 11 үй салынып жатыр: 4 үй жаз маусымында, қалған 7 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар, «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Жалпы аумағы 11,4 гектар болатын бұл нысанға «Project Building» ЖШС жауапты. Үйлердің құрылыс жұмыстары жақын арада аяқталып, тұрғындарға беріледі.