ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АППАРАТ БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛ МЕН ЖЕТІСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН БАРЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің аппараты басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Мақтаарал және Жетісай аудандарында болып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.
🔹 Мақтааралда – жаңа мектептер мен мәдениет үйлері
Атакент кентінде 1500 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл білім ордасы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Еркінабад және Нұрлыжол елді мекендерінде де 200 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде.
Облыс бойынша аталған жоба аясында Мақтааралда 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Екі мектеп биыл ашылады, қалған үшеуі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылмақ.
Сондай-ақ, аппарат басшысы Ж.Нұрлыбаев және Достық ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлері мен кітапханалар құрылысына барып, сапа мен мерзімге назар аударды.
🔹 Жетісайда – тұрғын үй, мектеп және оқушылар сарайы
Жетісай қаласын кеңейту мақсатында бөл





