Түркістан облысына 7 жыл: Индустриалды аймақтар мен өндірістік парктер қарқынды дамып келеді

 

Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдің экономикалық болашағын айқындайтын басым бағыттардың бірі – өнеркәсіп саласы болды. Соңғы жеті жыл ішінде облыс өнеркәсіптің әлеуетін арттыру, шетелдік инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Бүгінде өңір индустрияландыру саясатының нақты жемісін бере бастаған кезеңде тұр.


Индустриалды аймақтар: кеңістігі де, әлеуеті де ұлғайды

Түркістан облысында жалпы аумағы 2443 гектарды құрайтын 19 индустриалды аймақ және 580 гектарға орналасқан 3 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Бұл аумақтар инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген, кәсіп ашам деген инвестор үшін дайын алаң болып отыр.

Қазіргі таңда бұл аймақтарда 42,4 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған 52 кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді. Бұдан бөлек, 195,4 млрд теңгеге бағаланған 57 жоба жүзеге асырылу үстінде. Бұл жобалар іске қосылған соң, өңірдің өнеркәсіптік қуаты еселеп артады.


«Шағын өнеркәсіптік парк» – кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік

Өңірде алғаш рет іске қосылған 100 гектарлық «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы шағын және орта бизнесті қолдауға серпін берді. Жобаның І және ІІ кезеңі аясында:

  • 152 өндірістік ғимарат салу;
  • 308 млрд теңге инвестиция тарту;
  • 5840 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Бүгінде 11 жоба іске қосылып, 790 жаңа жұмыс орны құрылған. Алдағы уақытта қосымша 29 ғимарат пайдалануға беріліп, 26 жаңа өндіріс орны ашылады. Бұл арқылы 136,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1950 адамға тұрақты жұмыс орны пайда болады.


Ірі жобалар мен шетелдік инвесторлар

Өңірде инвесторлармен нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар шетелдік компаниялар өз жобаларын іске асыруда:

  • Қытайлық «AVATAR AGRICULTURAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT» компаниясы ауыл шаруашылығына арналған дрон зауытын салуға ниетті. Жоба құны – 5 млн АҚШ доллары, қуаттылығы – айына 600 дрон.
  • «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясы 60 млн еуроға тоңазытқыш шығаратын зауыт ашты. Қуаттылығы – жылына 140 мың дана өнім. Жоба 2 кезең бойынша жүзеге асуда.

Өңірлік үлгі – аудандарға тарады

«Шағын өнеркәсіптік парк» жобасының табысты тәжірибесі Бәйдібек, Келес, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Сайрам және Сарыағаш аудандарында да іске асырылуда.

  • Ордабасы ауданында 8 гектар аумақта «Бадам» өндірістік паркі құрылып жатыр. Бүгінде 5 кәсіпорын жобасын орналастыруға мүдделілік танытты.
  • Сауран ауданында төрт ауылда (Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек) 105 ғимарат салу жоспарланған. Қазірдің өзінде 22 нысанның құрылысы басталып кетті.

Энергетика – өндірістің тірегі

Жаңа өндірістік нысандарға электр қуатын жеткізу үшін облыста жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 ірі энергетикалық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар толықтай жеке инвестициялар арқылы қаржыландырылып жатыр.

Мысалы:

  • Сайрам ауданында – 1000 МВт қуаттағы бу-газ станциясы салынып жатыр;
  • Түлкібас ауданында – 320 МВт бу-газ;
  • Кентауда – 240 МВт газ турбина станциясы;
  • Бәйдібек ауданында – 350 МВт жел электр станциясы;
  • Сауран ауданында – 300 МВт және 185 МВт күн электр станциялары.

Жаңа индустрия – жаңа Түркістан

Түркістан облысы соңғы жеті жылда ірі өнеркәсіп жобаларын тарта отырып, инновациялық және тұрақты дамуға негізделген индустриялық орталыққа айналып келеді. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасын табады. Жоспарлы жұмыстар мен нақты