Түркістан облысына ҚХР-дан келген делегация өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысты

Түркістан облысына ҚХР-дан келген делегация өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысты

Түркістан облысына Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны облыс әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңірдің өндірістік және индустриялық аймақтарын таныстырды. Шетелдік меймандар индустриялық аймақтарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Іскерлік кездесу барысында тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, сондай-ақ өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Қытайлық инвесторлар өз жобаларын таныстырып, нақты ұсыныстарын білдірді.

Кездесу өзара ынтымақтастықты нығайтуға және Түркістан облысына шетелдік инвестиция тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.