ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыс бойынша 50 мыңнан астам тұрғын белсенді атсалысты.
Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар, көшелер мен арық-атыздар қоқыстан тазартылып, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде өңір аумағында 17 мыңнан астам ағаш көшеті егілді.
Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында ғана 120 түп жасыл көшет отырғызылып, саябақ аумағының көркі арта түсті.
Бұл шара қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің жасыл аймағын кеңейтуге бағытталған.
Авторы: Бердалы Ораз





