Түркістан облысында диқандарға өрт қауіпсіздігі ескертілді

Түркістан облысында диқандарға өрт қауіпсіздігі ескертілді
– деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.
Егін шаруашылығы науқаны қарқынды жүріп жатқан Түркістан облысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шаруа қожалықтары мен диқандарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын түсіндірді.
Мамандар егін алқаптарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін атап өтті. Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникалары – комбайн, трактор және өзге де көліктер:
- міндетті түрде өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталуы тиіс;
- электр және жанар-жағармай жүйелері үнемі тексерістен өткізіліп тұруы қажет;
- барлық техникада ұшқын сөндіргіш құрал орнатылуы міндетті.
Сонымен қатар, өрттің таралуын болдырмау үшін егіс алқаптарының айналасы мен ішкі бөліктерінде 4-6 метрлік жыртылған жолақтар (опашка) жасалуы қажет екені ескертілді.
ТЖД өкілдері диқандарға сақтық шараларын ұмытпай, адам өмірі мен өнім қауіпсіздігі үшін өрт қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырды.





