ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Созақ ауданында «Еңбекті қорғау жүйесіндегі өзекті үрдістер мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізді.

Жиынға Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысындағы өкілі Наталья Қожабекова қатысып, еңбек саласындағы адам құқықтарын қорғау, заңнамалық негіздер мен олардың орындалуы жөнінде баяндама жасады.

Сонымен қатар «Қызмет» кәсіподағының аудандық филиалының төрағасы Мыңжасар Асқаров Еңбек кодексіндегі жұмысшылардың құқықтарына тоқталды.

Өндіріс мекемелерінің өкілдері еңбек қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетті арттыру бағытында өз тәжірибелерімен бөлісіп, жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын атап өтті.