Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам сотталды

Түраістан облысы Қызылорда қаласының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Қызылорда–Семей» пойызында Түркістан станциясында көлік полициясы тарапынан ұсталды. Тексеру барысында ер адамның сөмкесінен 2 келіден астам марихуана табылған.

Сот оны есірткіні заңсыз сатып алды, сақтады және өткізбек болды деген айып бойынша кінәлі деп танып, жаза кесті. Үкім заңды күшіне енді.