ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ,-деп жазады Пресса24.

2025 жылғы 30 мамырда сағат 11:00-де Түркістан облысының барлық қала-аудандарында «Халық заңгері» республикалық акциясы басталады. Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тегін заң көмегін ұсыну.

Тұрғындар еліміздің ең үздік заңгерлерінен – адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдар өкілдерінен кәсіби кеңес ала алады. Акцияны ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz, «Параграф» жүйесі және Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастырып отыр.

Бүгінде дәстүрге айналған бұл акция қазақстандықтар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Оның ауқымы мен форматы әлем бойынша теңдессіз деп бағаланады.

Түркістан облысында акция өтетін орындар:

  • Түркістан қаласы – «Фараб» кітапханасы
  • Кентау қаласы – Жастар ресурстық орталығы
  • Арыс қаласы – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы
  • Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Сайрам, Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Сауран, Отырар, Түлкібас, Ордабасы, Төлеби аудандарында – мәдениет үйлері мен қызмет көрсету орталықтары.