Түркістан облысында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» тоңазытқыш шығаратын зауыт ашылады

Түркістан облысында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» тоңазытқыш шығаратын зауыт ашылады,-деп хабарлайды Pressa24.kz.
Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік парк аумағында жаңа өндіріс орны – «UBC» халықаралық компаниясына тиесілі «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» тоңазытқыш зауыты ресми түрде іске қосылды.
Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зауыт жылына 40 мың дана сауда тоңазытқышын шығаруға қауқарлы. Қазірдің өзінде мұнда 350-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Жоба толық қуатында жұмыс істегенде, шамамен 1000 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ашылу рәсімінен кейін зауыт аумағында экскурсия ұйымдастырылып, өндірістік процесс пен алғашқы өнім үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, осы іс-шара аясында 100-ден аса отандық және шетелдік кәсіпкерлердің қатысуымен ауқымды халықаралық бизнес-форум өтті.
Айта кетейік, UBC Group – тоңазытқыш жабдықтарын өндіруде әлемдік деңгейде танылған, Украинаның алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік холдингтерінің бірі. Компания өнімдерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал брендтер тұтынады.