Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде іске асуда

Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар жүйелі түрде іске асуда
Түркістан облысында “Оқуға құштар мектеп” жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Басты мақсат – мектеп оқушылары арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жоба аясында өңір мектептерінің кітапханалары жаңа кітаптармен толықтырылуда. Бүгінде облыста 70-ке жуық coworking-орталық, кітапханашылар клубы және оқырман жобалары жұмыс істеп тұр. Оқушылардың 80%-ы – белсенді оқырман. Сонымен қатар, “Кел, балалар, оқылық!” клубы, “KITAPLIKE” оқырмандар тобы және “Кітаптарды жарнамалау” жобасы оқушылардың кітапқа деген ынтасын оятуға сеп болуда.
Мектептерде “Оқу сағаты” жобасы арқылы әр оқушы таңертең 20 минут кітап оқуға дағдылануда. Бұған қоса, “Кітапхана+Театр” жобасы, “Отбасымен бірге кітап оқимыз” марафоны, “Каникулда кітап оқимыз” іс-шаралары жүйелі түрде өткізіліп келеді.
2021 жылдан бері “KitapХАН@” атты авторлық оқу сайысы пән мұғалімдері мен мектеп кітапханашылары арасында өткізіліп, тәжірибесі республика көлемінде таратылуда. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда.