Түркістан облысында полицейлер жас сақшыларға дәріс өткізді

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары Қылышбек Тұрмағанбетов пен Ғалымжан Шонықбаев “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жас сақшыларға түсіндірме жұмысын жүргізді.

№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында жаңадан ашылған “Жас сақшылар” сыныбының оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, есірткі және зорлық-зомбылықтың зияны туралы баяндама жасалды. Сонымен қатар, скутер, электромобиль, самокаттарды жүргізу тәртібі түсіндіріліп, арнайы куәліктің қажеттілігі айтылды.

Полицейлер экран арқылы жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде қауіпсіздік талаптарын көрсетті.

– Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға сеп болады, – деді инспектор Қ.Тұрмағанбетов.