Түркістан облысында тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірге қарасты барлық аудан мен қалаларды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізгені белгілі. Осы кездесулер барысында азаматтар тарапынан көтерілген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер тіркеліп, оларды жүйелі түрде шешу бағытында жұмыс жүргізілуде.
Сол ұсыныстардың бірі Арыс қаласында орындалды. Қалаға қарасты елді мекендердің бірінде жарықтандыру проблемасы бұған дейін бірнеше рет көтерілген болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе толық шешімін тауып, аумаққа көшелік жарық шамдары орнатылды. Тұрғындар қауіпсіз әрі қолайлы жағдайға қол жеткізді.
Бұл – өңірде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асуының айғағы. Әкімдік пен салалық құрылымдар халық сұранысына жедел жауап беріп, ұсынылған мәселелердің орындалуына бақылау жүргізіп келеді.
Өңір басшылығының айтуынша, әрбір тұрғынның талабы мен өтініші назарда болады. Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті.





