Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль еншіледі

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль еншіледі
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

Алматы қаласында өткен байдарка және каноэ есуден Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 30 медаль жеңіп алды. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам ескекші қатысқан.

Түркістан облысы құрамасының көшбасшысы Ольга Шмелева денсаулығына байланысты бұл жолы жарысқа қатыса алмады. Соған қарамастан облыстың су спорты өкілдері 7 алтын, 11 күміс және 12 қола медальмен оралды.

Чемпион атанғандар қатарында каноэ есушілері Полат Төребеков, Алишер Хаетов, Ульяна Киселева және Дильфузахон Эргашханова бар. Ал байдарка есуден Бекарыс Раматулла үздік шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша Бекарыс Раматулла мен Полат Төребеков 18-23 жас аралығындағы жастар арасында Португалияда өтетін және ересектер арасындағы Италиядағы әлем чемпионаттарына жолдама жеңіп алды.