Түркістан: Ордабасылық Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан рекордтық 140 ұпай жинады

Түркістан: Ордабасылық Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан рекордтық 140 ұпай жинады,-деп хабарлайды Pressa24.kz.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинап, биылғы тест нәтижесі бойынша еліміздегі ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Жәнібек 10-сыныптан бастап бейіндік пәндерін айқындап, жүйелі түрде дайындалған. Ол – информатикаға қызығушылығы бар, болашақта IT саласында отандық жоғары оқу орнында білім алуды мақсат етіп отырған талапкер.
Оқушы мектеп табалдырығын 1-сыныптан бастап аттап, үздік оқушылар қатарында келеді. Мектеп директоры – Исанова Сәуле Егембердіқызы, сынып жетекшісі – Бортай Гүлзира Ағабекқызы. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Жәнібек – үйдің екінші баласы. Оның айтуынша, үздік нәтиже үздіксіз дайындық пен ұстаздарының қолдауы арқасында мүмкін болды.