Түркістан теміржол вокзалы маңында жолаушылар көпірі бой көтеруде – инфрақұрылымдық даму жалғасуда

Түркістан теміржол вокзалы маңында жолаушылар көпірі бой көтеруде – инфрақұрылымдық даму жалғасуда
Түркістан қаласында жолаушылар қауіпсіздігі мен қолайлы орта қалыптастыру мақсатында теміржол бойында екі жаңа көпірдің құрылысы жүргізілуде. Бұл – облыс орталығын туристік және көліктік хабқа айналдыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс нысандарын аралап, теміржол үстіндегі жолаушылар көпірлерінің сапасын бақылап шықты. Жауапты мердігерлерге жұмысты талапқа сай орындау, ал техникалық қадағалаушыларға құрылыс сапасын жіті қадағалау тапсырылды.
Екі көпірдің техникалық сипаттамасы: бірінің ұзындығы – 117 метр
екіншісінікі – 46 метр
Қаржы бөлініп, нысандарды биыл пайдалануға беру көзделіп отыр.
Сонымен қатар әкімге Қабанбай батыр ескерткіші аумағын абаттандыру жобасы да таныстырылды. Жоспарға сәйкес шахмат алаңы, аяқжолдар, демалыс орындықтары мен урналар, қоршаулар орнатылып, көгалдандыру жұмыстары күшейтіледі.
Түркістан – тек тарихи ғана емес, заманауи туристік орталыққа айналып келеді. Осыған орай, инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.