ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Typkicтан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті жұмыс жиыны өтті. Шараны фракция жетекшісі, облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев ашып, жүргізді.

Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, фракция мүшелері, облыстық басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты.

Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және партияның сайлауалды бағдарламасын орындауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы сараланды.

Фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев партия мүшелеріне ел мүддесіне бағытталған нақты істерді жалғастыру, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуде белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысында қатысушылар бірқатар ұсыныстар енгізіп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын айқындады.