Түркістанда Энергетика вице-министрі өңір тұрғындарымен газ бағасына қатысты кездесу өткізді

Түркістанда Энергетика вице-министрі өңір тұрғындарымен газ бағасына қатысты кездесу өткізді
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.
ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті. Жиында тауарлық газ бағасын қалыптастыру мәселесі кеңінен түсіндірілді.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі газ бағасы газды өндіру, тасымалдау және тарату шығындарын толық жаппай отыр. Бұл мәселе «QazaqGaz» ұлттық компаниясын өзіндік құнынан төмен бағамен газ сатуға мәжбүрлеуде.
«Қазақстанда газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде халықтың 62 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Алайда, тұтыну көлемі өндірістен артып отыр. Сондықтан біз баға саясатын қайта қарауға мәжбүрміз. Газ инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту, жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз ету, барлау және көмірсутектерді қайта өңдеу салаларына инвестиция тарту – осының барлығы бағаны қайта қарауды қажет етеді», – деді Құдайберген Арымбек.
Кездесу барысында тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.





