ТҮРКІСТАНДА ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ЖАТҚА АЙТУДАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ БАСТАУ АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ЖАТҚА АЙТУДАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ БАСТАУ АЛДЫ
Түркістан қаласында бүгін балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырларды жатқа айту байқауының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқауды Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.
Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 21 дарынды оқушы қатысып, қазақ эпосының інжу-маржаны – «Едіге» жырын жатқа айтып, көрермендерді рухани әсерге бөледі. Қатысушылар әр шумақты терең сезіммен жеткізіп, көркем орындау мәнерімен тыңдаушыларды тәнті етті.
Байқаудың әділқазылар алқасы құрамында:
- Мұрат Жұманов – облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы,
- Абылай Бөріханов – жыршы-термеші, ҚР Мәдениет қайраткері,
- Аязбек Рүстемов – ұлттық шығармашылық маманы болды.
Қазылар қатысушылардың жатқа айту шеберлігін, дауыс мәнерін, сахналық мәдениетін және эпостың мазмұнын жеткізу деңгейін бағалады. Байқау тек жарыс емес, жас ұрпақтың ұлттық рухын оятатын тәрбиелік маңызы зор мәдени іс-шараға айналды.
ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ: 🏆 Бас жүлде – Жақсыбай Бейбіт (Отырар ауданы)
🥇 І орын – Романқұл Дәурен (Мақтаарал ауданы)
🥈 ІІ орын – Сембай Айару (Түркістан қаласы), Асқар Пернекүл (Қазығұрт ауданы)
🥉 ІІІ орын – Момиш Алмаз (Түркістан қаласы), Дерісбек Шапағат (Отырар ауданы), Әсет Исахбай (Сарыағаш ауданы)
Сонымен қатар үздік өнер көрсеткен жас жыршылар арнайы жүлделермен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, байқау жалғасын тауып, келесі кезеңде қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту бойынша сынға түсетін болады.