ТҮРКІСТАНДА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ КӨБЕЙІП, ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында бүгінде 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Қала аумағында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз ортада ойнауына, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасуда.
Биыл 40 ойын алаңшасына жаңарту жүргізіліп, барлық жабдықтар ауыстырылды және қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді. Бұған қоса, тұрғындар ұсыныстары мен қала қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа нысандар салу қарқын алған.
Мәселен, ағымдағы жылы Түркістанда 9 жаңа ойын және спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Қазыбек би, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде жаңа балалар ойын алаңшалары орнатылды. Ал Хақназар хан және Ш.Ниязов көшелерінде заманауи футбол алаңшалары ашылды.
Барлық нысандардың құрылысы ақпан айында басталып, толық аяқталды. Алаңшалар сапа стандарттарына сай жабдықталып, аумақтар абаттандырылды, көгалдандырылды және инженерлік инфрақұрылым тиісті талаптарға сәйкес ұйымдастырылды.
Жоспар бойынша, 2026 жылға дейін қаладағы 10 аумақта қосымша ойын және спорт алаңшалары салынбақ.
Түркістан қаласы әкімдігі тұрғындарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Егер ойын немесе спорт алаңдарында бүліну, бұзақылық немесе ақаулар анықталса, 109 нөміріне хабарласу ұсынылады.





