Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті

Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті
Түркістанда “TURKISTAN STYLE” халықаралық суретшілер симпозиумы аяқталды. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне орай ұйымдастырылған.
Алты күнге созылған симпозиумға Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан келген суретшілер мен өнер саласының профессорлары қатысты. Олар 120-дан астам туынды ұсынып, киелі шаһардың тарихи келбеті мен жаңарған бейнесін бейнелеуге тырысты.
Қорытынды көрме Түркістандағы “Конгресс Холл” кешенінде өтті. Ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев суретшілерге дипломдар мен сертификаттар табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Қырғызстанның халық суретшісі Юристанбек Шығаев пен ҚР Көркем академиясының вице-президенті Ерлан Айтуаров симпозиумның маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.