ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Қалада 110-шы демалыс орны пайдалануға берілді

Түркістан қаласында тағы бір көрікті демалыс орны – жасанды көлі бар заманауи саябақ ашылды. Бұл – әкімшілік-іскерлік орталық аумағындағы табиғатпен үйлескен жаңа кеңістік. Ашылу салтанаты Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылып, қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама, цирк өнерпаздарының қойылымы, аниматорлар мен түрлі ойын-сауық шаралары өткізілді.

Саябақтың ерекшеліктері:

  • 19 500 шаршы метрлік жасанды көл
  • 92 метрлік көпір
  • 8 мыңнан астам ағаш
  • Субұрқақтар мен сарқырамалар
  • Тамақтану аймағы және тынығуға арналған арнайы орындар

Жаңа саябақ Түркістанның экологиялық әрі эстетикалық келбетін жақсартуға бағытталған. Бұл – қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға арналған кезекті қадам.