ТҮРКІСТАНДЫҚ АСЫҚШЫ ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

Ұлттық спорттың төресі – асық атуда Түркістан облысының намысы тағы да биіктен көрінді. Петропавл қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Амандос Айтқұлов қарсыластарының бәрінен оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Жалпы сайысқа еліміздің 19 аймағынан 100-ден аса спортшы қатысып, мергендік пен ептіліктің сынға түскен дода аса тартысты өтті. Айтқұловтың шеберлігі мен байсалдылығы арқасында Түркістан облысы асық атудан ел чемпионатын алтынмен ашты.
Бұдан бөлек, бес асық бойынша сынға түскен нәзік жанды спортшылар арасында Түркістандық Айдана Есембекова екінші орынды еншілеп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл жетістіктер өңірдегі ұлттық ойындарға деген жүйелі қолдаудың нәтижесі екенін аңғартады.
– Ұлттық спорт – ұрпақ тәрбиесінің өзегі.





