ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ КӨРЕРМЕН ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТҮРКИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ КӨРЕРМЕН ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан IV Халықаралық «Yörük Türkmen» фестивалінде Түркістан өңірінің өнерпаздары түркі әлемінің мәдениетіне сүбелі үлес қосып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ауқымды мәдени іс-шара керуен шеруімен ашылып, Түркия мен шет елдерден келген делегаттардың қатысуымен салтанатты бағдарламаға ұласты. Қазақстан атынан қатысып жатқан Түркістан музыкалық драма театры мен «Саялы Сарыағаш» этно ансамблі ұлттық өнерімізді паш етті. Көрмеге тігілген киіз үйлерде қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, этнографиялық экспозициялар қойылды.
Фестиваль аясында мәдени байланыстарды нығайтуға арналған форум да ұйымдастырылды. Онда Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы мен Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, сондай-ақ түркиялық және шетелдік ресми өкілдер сөз сөйледі. Форум көшпелі халықтардың мұрасын сақтау мен түркі жұрты арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселесіне арналды.
Фестиваль бірнеше күнге жалғасып, түркі халықтарының өнері мен салт-дәстүрін насихаттайтын түрлі шаралармен толықпақ.