Түркістандық спортшылар академиялық ескек есуден 21 алтын жеңіп алды

Түркістандық спортшылар академиялық ескек есуден 21 алтын жеңіп алды

Теміртауда өткен академиялық ескек есуден Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының спортшылары зор жетістікке жетті. 17–23 маусым аралығында өткен жарысқа еліміздің 5 өңірінен 135 спортшы қатысып, түрлі қашықтықтар мен жаттығулар бойынша бақ сынады.

Түркістан облысының намысын Олимпиадалық резерв орталығы, Жоғары спорт шеберлігі мектебі және су спортынан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 24 өрені қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасы 21 алтын, 15 күміс және 10 қола медаль иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Чемпион атанған спортшылар қатарында Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Еркежан Сапарқұл, Лияра Айдарова, Мария Лебедева, Роза Кеңес, Александр Афанасьев, Владислав Галкин, Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Валентина Волкодавова, Саттарбек Ильхамов, Айбек Саттарбек және Айлин Айдарова бар.

Бұл нәтиже – өңірде су спортының жүйелі дамып келе жатқанының айғағы.