Түркістаннан Ақмолаға: Көкшетаудағы жәрмеңкеге 200 тонна өнім жеткізілмек

Түркістаннан Ақмолаға: Көкшетаудағы жәрмеңкеге 200 тонна өнім жеткізілмек

1 маусым күні Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл шараға Түркістан облысының диқандары мен шаруалары қатысып, еліміздің солтүстігіне 200 тоннадан астам табиғи өнім жөнелтті.

Керуен құрамында ет, сүт, көкөніс, бақша өнімдері мен жеміс-жидек секілді өңірде өндірілген азық-түліктер тиелген. Түркістандық кәсіпкерлер Көкшетау тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді бағада өнім ұсынуды көздеп отыр.

Мұндай жәрмеңкелер өңіраралық сауданы дамытуға, кәсіпкерлердің өнім өткізу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, солтүстік аймақтағы тұтынушыларға Түркістан өңірінің экологиялық таза, табиғи өнімдерімен тікелей танысуға жол ашады.