Жамбылда мал баққан балалардың жанайқайы елді дүр сілкіндірді

Жамбыл облысында бірнеше жылдан бері мал бағып жүрген балалар әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, денелеріндегі жарақаттарды көрсетті. Жеткіншектер қожайыннан күнделікті соққы көріп жүргендерін, үйлеріне қайтқысы келетінін айтып, елден араша сұраған.
«Телефонымызды тартып алды, мал жоғалса – біз кінәліміз. Әкемді сағындым», – дейді көз жасын әрең тыйған баланың бірі.
Оқиғадан соң Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балалардың мекенжайы анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Облыстық уәкіл оқиға орнына аттанды.
Қазір балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.