Жетісай аудан әкімі мерекемен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Қадірменді жетісайлықтар!

Сіздерді қасиетті де қастерлі мерекелер — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күндер — ерлік пен елдік, тағзым мен тағылымның мәңгі өшпес үлгісі.
Қан майданның от-жалынында шыңдалып, жанын шүберекке түйіп, Жеңіс үшін күрескен ардагер ата-апаларымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Сол Ұлы Жеңістің арқасында бүгінде Тәуелсіз ел болып, бейбіт аспан астында өмір сүріп отырмыз.

Бүгінгі ұрпақ үшін бұл мерекелер — тек құрмет пен тағзым ғана емес, сонымен қатар, батырлықтың, отансүйгіштіктің мәңгілік үлгісі.
Сол ерлік пен табандылық бізді жаңа биіктерге жетелеп, ел дамуына серпін беруде.

Майданда да, тылда да жанқиярлықпен еңбек еткен барша жандарға бас иіп, құрмет көрсетеміз.
Сол бір азапты жылдардың ауыртпалығы ұмытылмаса да, Жеңістің қадірі де, маңызы да әр жүректе сақталады.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығы, шат-шадыман өмір, ырыс пен береке тілеймін!
Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!

Ізгі тілекпен,
Серік Мамытов