Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытовтың соңғы қоңырау мерекесіне арналған құттықтауы жарияланды

 

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. Ол бұл күннің әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын толқыныс пен қуанышқа толы сәт екенін атап өтті.

«Ұстаздар еңбегі – баға жетпес»
Әкім өз құттықтауында елімізде білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып, ұстаздардың еңбегін жоғары бағалады.
– «Адамзат баласына білім мен тәрбие беріп, болашақ азаматтарды қалыптастыруда ұстаздардың орны ерекше. Сапалы білім мен саналы тәрбие – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі», – деді Серік Мамытов.

Түлектерге – үлкен үміт
Биылғы оқу жылында Жетісай ауданында 3111 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның 217-сі – «Алтын белгіге», 236-сы – «Үздік аттестатқа», ал 9-сыныпты тәмамдайтын 3980 оқушының 445-і үздік аттестат үміткерлері. Сонымен қатар, 4120 оқушы бастауыш сыныпты аяқтап, 3200-ден астам бүлдіршін жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттамақ.

ҰБТ – маңызды кезең
Әкім түлектерге алдағы сынақтарда сәттілік тілеп, өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, ел болашағы үшін қызмет ететін білікті маман болуға ниеттестік білдірді.

Толық құттықтау аудан әкімдігінің ресми парақшаларында жарияланды.