Жетісай:Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Отандық мәдениет пен өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің ұлттың өткені – күреске, бүгіні – үмітке, болашағы – руханиятқа негізделген. Тарихтың талай сын сағаттарынан сүрінбей өтіп, халықты бір тұтас ел ретінде сақтап қалған – тіліміз, дініміз, өнеріміз бен мәдениетіміз. Ұлттық рух пен сананы сақтап қалуда сіздердің еңбектеріңіз айрықша.
Сіздер – ұлттың рухани тірегі, мәдени мұраның мұрагерісіздер. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухының айнасы. Сондықтан да бұл салада жұмыс істеу – тек кәсіп емес, бұл – ұлтқа қызмет етудің ең биік үлгісі. Халықтың жүрегіне жол табатын, жас ұрпақты ұлағатқа бастайтын істеріңіз баянды болсын!
Сіздерге шығармашылық шабыт, отбасы амандығы мен кәсіби биіктер тілеймін! Ел руханияты жолындағы еңбектеріңіз елене берсін!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі