ЖЕТІСАЙДА АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТІП, АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАЛДЫ

Жетісай ауданында бекітілген жоспарға сәйкес аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары мен құқық қорғау органдары, квазимемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Жиын барысында қала мен ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, бірқатар кемшіліктер сынға алынды. Басшылар баяндамалар жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Талқыланған негізгі мәселелер:
🔹 Бюджет кірістері мен қосымша түсімдер – Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов салық жинау мен кіріс көздерін кеңейту бойынша нақты шаралар туралы баяндады.
🔹 Білім саласы – Уақытша басшылық етіп отырған Шоқан Адайбеков тіркелмеген балаларды D-E деңгейдегі мектептерге тіркеу жұмыстарының барысын түсіндірді.
🔹 Жастар саясаты – «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Нұршарифиддин Мейірбек мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндады.
🔹 Құрылыс және сәулет – Құрылыс бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев 1500 орындық «Жайлы мектеп» жобасы мен аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған «Дизайн код» әзірлемесі бойынша баяндама жасады.
🔹 Ауыл шаруашылығы – Сала басшысы Нұртас Тұрсынбеков ағын суды үнемдеу, көктемгі дала жұмыстары, зиянкестермен күрес туралы айтты.
🔹 Экология және инфрақұрылым – «Таза Қазақстан» жобасының іске асуы және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту бойынша Жақсыбай Әміре баяндама жасады.
Кеңес соңында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Берікжан Есалиев облыс және аудан әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын саралап, олқылықтарды атап өтті.
Аудан әкімінің нақты тапсырмалары:
✔ Жұмыссыздық деңгейін азайту
✔ Жеке инвестициялар есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу
✔ Бюджет кірістерін арттыру және шығыстарды тиімді жоспарлау
✔ Қала мен кент көшелеріндегі арық-атыздарды қалпына келтіру
✔ Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасын қатаң бақылауға алу
Аудан әкімі Серік Мамытов хаттамалық тапсырмалардың орындалуы өз бақылауында болатынын ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты мерзім белгіледі.