ЖЕТІСАЙДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
2025 жылдың 30 мамырында Қазақстанның барлық өңірлерінде және Жетісай ауданында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.
Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Алданиязов акция жайлы «Санұр» телеарнасына берген сұхбатында акцияның маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берудің маңызды екенін түсіндірді.
Акцияға аудандық прокуратураның орынбасары Ы. Ерназаров, полиция бөлімінің қызметкерлері А. Шәріпбаев пен Е. Әбдіразақ, Түркістан облысының адвокаттар алқасының өкілі Т. Шахидинов, өңіраралық заң консультанттары палатасының заңгері Б. Дүйсенбиев, нотариус Г. Акилбаева, жеке сот орындаушы Н. Икаятұлы, мемлекеттік сот орындаушылары А. Қалдарбеков пен Қ. Досымов қатысты.
Тұрғындарға жер саласы, жер кезегіне тұру, мемлекет мұқтажы үшін жер алу, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне тұру, қала аумағындағы жолдардың тазалығы, мұрагерлік, сот шешімдерін орындау, несие мәселелері, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар сияқты көптеген құқықтық сұрақтар бойынша кеңестер берілді.
Акция барысында аудан тұрғындарына шамамен 60-тан астам адам тегін заңгерлік қызмет көрсетілді.
Акцияға белсенді қатысқан мамандар алғыс хатпен марапатталды.