«Фурманов» айналма каналы тазаланбақ – 7 техника тартылды

«Фурманов» айналма каналы тазаланбақ – 7 техника тартылды
Мойынқұм ауылында орналасқан «Фурманов» айналма каналына механикалық тазалау жұмыстары алдағы аптада басталады. Бұл туралы су шаруашылығы саласының өкілдері мен жергілікті билік қатысқан жұмыс кеңесінде белгілі болды.
Кеңеске Мойынқұм ауданының әкімі, Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы, «Қазсушар» Жамбыл филиалының директоры, аудан әкімінің тапсырмасымен барған су саласының мамандары, сондай-ақ Созақ және Шу ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
120 шақырымдық канал Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының аумағынан өтеді. Жаңа маусымда каналдың су өткізу қабілетін арттыру және Шу өзенінен су жеткізуді тұрақтандыру мақсатында ауқымды техникалық жұмыстар қолға алынып отыр.
Жоспарға сай, канал тазалығына 7 арнайы техника жұмылдырылады:
- «Тұран су» мекемесінен – 2 экскаватор,
- «Қазсушар» Түркістан облысы филиалынан – 2 погрузчик, 1 бульдозер,
- «Тараз су шаруашылығы» мекемесінен – 1 шынжыр табанды экскаватор мен 1 погрузчик.
Тазалау шарасы тек ауыл шаруашылығына қажетті су көлемін арттырумен шектелмей, экологиялық мақсаттағы су бөлу процесін де жақсартады.
Кеңес аясында Шу өзенінің бойындағы жағдай да зерделеніп, су тасымалындағы түйткілдерге қатысты нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі жобаның орындалуын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.





