Қазығұртта су үнемдеу технологиясы егін өнімділігін арттыруда

Қазығұртта су үнемдеу технологиясы егін өнімділігін арттыруда

Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» серіктестігі суды бірнеше есе аз жұмсайтын заманауи технологияны қолдана отырып, 172 гектар алқапта жүгері өсіріп, жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Бұл тың жоба өнімділікті арттырып қана қоймай, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жақында аталған шаруашылыққа аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы барып, озық технологияның жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы бұл бастамаға жоғары баға беріп, оның аймақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Азизхан Исмаилов «Қарқын-2030» серіктестігінің бұл тәжірибесін аудандағы басқа да шаруашылықтарға үлгі ретінде тарату қажеттігін айтты. Бұл аймақтың климаттық жағдайында су ресурстарын ұтымды пайдаланудың тиімді жолы болып табылады.

Сапар соңында әкім шаруашылық басшыларына агросаланы дамытуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат берді. Мұндай жобалар ауданның ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың және экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың кепілі болып табылады.