КЕЛЕС АУДАНЫНДА 12 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ АСУДА

 

Республика көлемінде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан 333 әлеуметтік жобаның қатарында Келес ауданында 12 жоба қолға алынды.

Негізгі бағыт – ауыз су:

  • Жүзімдік, Бірлік, Ақтөбе ауылдық округтерінде су құбыры жүйелері тартылуда
  • Нәтижесінде 13 010 тұрғынды қамтитын 1 805 үй таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек
  • Жыл соңына дейін аудан халқы 100% таза ауыз суға қол жеткізеді

Алмас Абдуллаев, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

«Бұған дейін қаржы тапшылығы себеп болған. Енді мемлекетке қайтарылған активтер бұл мәселені шешуге жол ашты».

Ауқымды жоба – «Өгем» суы Келеске бағытталады:

  • Жоба Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарын қамтиды
  • Қазір құжаттар әзірленіп жатыр, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады
  • Инвестор есебінен жүзеге асады, құрылыс 3 жылға жоспарланған

Бұл бастамалар Келес пен жалпы өңірдің су тапшылығы проблемасын шешуге үлкен серпін береді.