ТҮРКІСТАНДА «ҮЛЕС» ҚОРЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОТБАСЫҒА 50-ШІ БАСПАНАНЫ ТАБЫСТАДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҮЛЕС» ҚОРЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОТБАСЫҒА 50-ШІ БАСПАНАНЫ ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Түркістан қаласында әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетіп келе жатқан «Үлес» қайырымдылық қоры өзінің 50-ші баспанасын табыстады. Бұл жолы пәтерге І топ мүгедегі, көру қабілетінен айырылған Арман Ахлиддинов пен арбаға таңылған жұбайы Лена Ахлиддинова ие болды.

Қуаныш иелеріне жаңа үйдің кілтін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы арнайы табыстады. Шара барысында оларға сый-сияпаттар да ұсынылды.

Арман аға мен жұбайы қиындықтарға қарамастан, өмірге құлшыныспен қарап, ұлдарын тәрбиелеп отыр. Қазір олардың 9-сыныпта оқитын жалғыз ұлы бар. Отбасының негізгі табыс көзі – мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдау.

«Үлес» қоры бұл отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, баспана сыйлады. Жаңа қонысқа қол жеткізген отбасы қор мен әкімдікке шынайы алғысын білдіріп, қайырымды жандарға береке тіледі.