Мақтааралда балалар қауіпсіздігіне арналған танымдық шара өтті

Мақтааралда балалар қауіпсіздігіне арналған танымдық шара өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мақтаарал ауданында «Балалар қауіпсіздігі – басты мақсатымыз» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараны аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді.
Іс-шара Мақтаарал агро колледжінде өтіп, балаларға құтқарушылардың қызметтік автокөліктері мен өртке қарсы құрал-жабдықтары таныстырылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін киіп көруге мүмкіндік берілді.
Шара аясында балалар арасында спорттық жарыстар, алғашқы медициналық көмек көрсету көрсетілімі, сондай-ақ жерге сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерін паш етіп, қауіпсіздік ережелерін есте сақтаудың маңыздылығын түсінді.
Мақсаты – жас ұрпаққа төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету дағдыларын үйрету және қауіпсіз өмір салтын насихаттау болды. Ұйымдастырушылар мұндай шара