Қазығұртта Мемлекеттік рәміздер күні ерекше құрметпен аталып өтті

Қазығұртта Мемлекеттік рәміздер күні ерекше құрметпен аталып өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданындағы “Мәңгілік ел” саябағында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Елдік пен бірліктің айғағындай шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, мәслихат депутаттары, ардагерлер, әжелер алқасы, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Мемлекеттік рәміздердің маңызын атап өтіп, бұл күннің әрбір азамат үшін ерекше рухани мәнге ие екенін айтты:
“Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің, елдігіміздің айшықты белгісі. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін аса қастерлі, жүрекпен сезінетін мереке”, – деді ол.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздардың қойылымдары жұрт назарына ұсынылды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерге көрсетілген құрмет пен мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыс білдірді.