Танымал режиссер Сергей Дворцевой Түркістан облысында тайқазан туралы фильм түсіруде

Танымал режиссер Сергей Дворцевой Түркістан облысында тайқазан туралы фильм түсіруде,деп жазады Пресса24.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық деңгейде танымал кинорежиссер, оңтүстіктің тумасы Сергей Дворцевойды қабылдады. Кездесу мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Өңір басшысы шығармашылық иесін кәсіби мерекесімен құттықтап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Режиссер соңғы жылдары қолға алған маңызды жобасының бірі – тайқазан туралы фильмнің барысы туралы баяндап, жобаның негізгі бөлігі Түркістан мен Қарнақта түсірілетінін жеткізді. Тарихшылар мен мәдениеттанушылардың сараптамаларына негізделген бұл туынды қазақ мәдениеті мен рухани мұрасына арналған.

Дворцевой облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, отандық кинематографияны дамыту жолында еңбек етуді жалғастыратынын айтты.

Бердалы ОРАЗ