Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің немен айналысып жүргені белгілі болды

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек шетелде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Pressa24.kz.
Экс-әкім 2 жылдан астам уақыт Араб Әмірліктерінде оқып, жұмыс істеген. Әрі Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестицияларды тартумен айналысыпты.
Соңғы 1,5 жылда Жапонияда жұмыс істеп жатыр екен. Ол жерде жапон капиталы мен ноу-хауын елімізге тарту үшін инновациялық жобаларды дамытып жатырқан көрінеді.
Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурызынан бастап «онлайн» режимде жұмыс істеген. Ақмола облысында ең озық неміс технологиясын қолданып, Qazaq Kaolin компаниясының кеңесшісі болған.





