Арман Абдуллаев: Кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайынбыз

Арман Абдуллаев: Кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайынбыз
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бүгін қаладағы пластик есік-терезе шығаратын өндіріс цехына барып, кәсіпкер Ерғали Омаровтың жұмысымен танысты.
Әкім цехтағы өндіріс барысын көріп, өнім сапасына оң бағасын берді. Кәсіпкермен әңгіме барысында ол жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс айтып, ұжымға сәттілік тіледі.
– Кәсіпкерлікті дамыту – аудан дамуының негізгі бағыттарының бірі. Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, экономиканың өрлеуіне серпін береміз, – деді аудан әкімі.
Цехта бүгінде 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын тәулігіне 12 тонна өнім өндіреді. Шығарылатын пластик есік-терезелер Қазақстанмен қатар Тәжікстан мен Қырғызстанға да экспортталуда.





