БӘЙДІБЕК: СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДАМУЫ БАҚЫЛАУДА

БӘЙДІБЕК: СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДАМУЫ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімінің орынбасары №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев Шаян ауылында орналасқан №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Іссапар барысында ол оқу-жаттығу үдерісі мен мектептің материалдық-техникалық базасын жіті қарап шықты.

Мекеме басшылығы жаттығу топтарының құрылымы, спорттық жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ғимаратқа күрделі жөндеу қажеттілігі мен қосымша спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселелері де назарға ұсынылды.

Нұрпеис Ақбаев жастардың спортпен айналысуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру — өңірдің әлеуметтік дамуындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Спорт мектебінің қызметіне оң баға берген ол, алдағы уақытта спорт инфрақұрылымын жақсарту мәселелері кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.