Ішкі істер министрлігі 4 айда 3,5 тонна есірткі тәркіленді

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы төрт айында 3,5 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан мәлімдеді.

Тәркіленген есірткі заттарының ішінде:

  • 259 келі синтетикалық есірткі,
  • 2 тоннаға жуық марихуана,
  • 303 келі гашиш бар.

ІІМ дерегінше, 3 мыңға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық фактісі тіркелді, соның ішінде:

  • 828 сату дерегі,
  • 83 жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды,
  • 20 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Сонымен қатар:

  • 11 мыңнан астам есірткі жарнамалаған сайт бұғатталды,
  • 1 млрд теңгеден астам қаражат айналымы бар 12 мың банк картасы мен шоты бұғатталды,
  • 1783 адам ұсталып, оның 669-ы қамауға алынды.